«Статистика» бөлімі
Спорттық статистика – бұл кез келген спорттық болжамдардың, ал демек, болашақ іс-шараларға жасалатын табысты ставкалардың ең маңызды құрамдастырушылары. Статистиканың әртүрлі мәліметтерін қолдана отырып, ықтималдықтың белгілі үлесімен спорттық сайыстың қорытындысын жорамалдауға болады.
golpas.com сайтындағы «Спортивная статистика» бөлімінде өте қарапайым навигация жүйесі бар. Ал бөлімді пайдалануды одан да қарапайымдау ету үшін біз сізге осы шолумен танысуды ұсынамыз.
Қысқартулар мен белгілеулер
Біздің сайттағы статистикалық кестелерде келесідей қысқартулар пайдаланылады, ақпаратты қабылдау кезінде жаңылыстар мен қиыншылықтарды болдырмау үшін кестемен жұмыс істеуді бастағанға дейін олармен танысып алу қажет.
О – Ойындар
Ұп – Ұпайлар
Ұ – Ұтыстар
Т – Тең ойындар
Ж – Жеңілістер
ОҰ – Овертаймдағы ұтыстар
ОЖ – Овертаймдағы жеңілістер
СД – Соғылған доптар
ӨД – Өткізілген доптар
ДА – Доптардың айырмасы
СШ – Соғылған шайбалар
ӨШ – Өткізілген шайбалар
ША – Шайбалардың айырымы
ҚСД – Бөтен алаңда соғылған доптар
ҰС – Ұтқан сеттер
ЖС – Жеңілген сеттер
Ұбул – Буллиттер бойынша ұтыс
Жбул – Булиттер бойынша жеңіліс
Жеңістер жасыл, ал жеңілістер – қызыл, тең ойындар – ақшыл-жасыл кішкентай квадратпен немесе түспен белгіленеді. Қорытынды нәтижелер (ойындар, ұпайдар және соғылған доптар) сондай-ақ кестелерде көрсетіледі. Одан басқа, жеке командалардың ойындарының нәтижелерінде сіз сол не басқа доптар қалай соғылғанының немесе ұпайлар қалай алынғанының жай-жапсарын және егжей-тегжейлерін қарап шыға аласыз.
Жалпы ақпарат
Сіз статистика бөліміне кіретін болсаңыз, онда бірнеше негізгі бөлімдерді көресіз. Сіз экранның жоғарғы бұрышында орналасқан тізімнен спорттың сізді қызықтыратын түрін таңдай аласыз.
Төменде, спорт түрлерінің тікелей астында, нәтижелері бар соңғы ойнап қойған матчтардың тізімі орналасқан. Тізімнен сізді қызықтыратын жұпты (ел-ел, команда-команда, ойыншы-ойыншы) таңдап, сіз осы ойынның егжей-тегжейлерін, сонымен қатар елдердің/командалардың/қатысушылардың әрқайсының соңғы жылдағы нәтижелерін және жылдың ішінде өткен ортақ сайыстарының қорытындыларын қөре аласыз.
Қазір желіде бар болатын оқиғаларды таңдап, сіз желідегі ставкалар режиміне бірден ауыса аласыз. Жақындағы ойындардың кез келгенін таңдап, сіз, мысалы, ойынның өтетін күнін ғана емес, сондай-ақ екі командалардың әрқайсының соңғы жылдағы ойындарының статистикасын қарап шыға аласыз.
Спорттың және жарыстардың түрлері
golpas.com сайтының статистика сервисі әртүрлі спорт түрлері бойынша жарыстардың статистикасын көрсетеді: футбол, баскетбол, бейсбол, волейбол, гандбол, теннис, футзал, хоккей, допты хоккей және тағы басқалар. Бұл нақты спорт түрі бойынша тұтас алғанда көріністі көруге мүмкіндік береді.
Нақты команданың ойыны туралы ақпаратты қалай табады?
Статистиканы қарап шығу режимі сізге тұтас алғанда турнир бойынша сияқты, сондай-ақ жеке алынған топ немесе команда бойынша әртүрлі көрсеткіштерді (ойналған ойындардың, жеңістер мен тең ойындардың, соғылған голдардың санын, матчтардың қатысушылығын) көруге мүмкіндік береді. Нақты команда бойынша статистика туралы ақпаратты табу үшін спорттың түрін, команданың елін, жарыстың түрін және маусымды (яғни сізді нәтижелері қызықтыратын жылды) таңдаймыз.
Болған оқиғалар туралы ақпарат
golpas.com сайтының статистика бөлімінде өткен жылдардағы кейбір жарыстардың (ҰБА, ҰХЛ) нәтижелерімен кестелер бар, оларды сіз сіздің сүйікті командаңыз өткен маусымдарда түбегейлі қарсыластарымен қаншалықты табысты ойнағанын еске түсіру, командалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау үшін пайдалана аласыз. Және осылайша, алдағы сайыс қалай өтетінін елестете аласыз.
Болашақ жарыстар туралы ақпарат
Ұзақ мерзімді болжамдарды құрастыру үшін сайтта алдағы ең маңызды оқиғалар туралы, мысалы, Футболдан әлем чемпионатының іріктеу матчтары туралы ақпарат ұсынылады.
«Көмек бөліміне.